Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады деп жазады Democrat.kz.

Бірнеше мемлекеттік мерекеге байланысты қосымша демалыстар:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (жұма);

  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);

  • 9 мамыр – Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);

  • 27 мамыр – Құрбан айт (сәрсенбі).

2026 жылдың мамыр айындағы басты ерекшелік – Жеңіс күніне орай демалыстың 9 мамырдан 11 мамырға ауысуы. Дәл осы шешім қазақстандықтарға ай ортасында қосымша ұзақ демалыс алуға мүмкіндік береді.

1 мамырға арналған демалыс кестесі

Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:

  • 1, 2 және 3 мамыр.

Алты күндік жұмыс аптасында:

  • 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 мамыр – жексенбілік демалыс.

7 және 9 мамырдағы демалыстар

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 4-6 мамыр – жұмыс күндері;

  • 7 мамыр – демалыс;

  • 8 мамыр – жұмыс күні;

  • 9, 10 және 11 мамыр – демалыс (күннің ауысуын ескергенде).

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 4-6 мамыр – жұмыс күндері;

  • 7 мамыр – демалыс;

  • 8 мамыр – жұмыс күні;

  • 9 және 10 мамыр – демалыс;

  • 11 мамыр – жұмыс күні.

Құрбан айттағы демалыс

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 27 мамыр – демалыс;

  • 30 және 31 мамыр – әдеттегі демалыс күндері (сенбі және жексенбі).

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 27 мамыр – демалыс;

  • 31 мамыр – жексенбілік демалыс.

Барлық жаңалықтар