Қазақстандықтардың жеке деректері кімге сатылғаны мәлім болды

Қазақстандықтардың жеке деректері кімге сатылғаны мәлім болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Democrat.kz.

Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.

«Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар