Мемлекеттік кірістер органдары қазақстандықтарға қыркүйекте орындалуы тиіс салық міндеттемелерінің мерзімдерін еске салды. 2025 жылға арналған 250.00 және 270.00 нысандарындағы декларацияларды 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажет, деп жазады Democrat.kz.
Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті қыркүйек айындағы салық күнтізбесін жариялады.
15 қыркүйекке дейін бірқатар есептілік нысандарын тапсыру қажет.
Олардың арасында 2025 жылға арналған активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 нысаны және кірістер мен мүлік туралы 270.00 нысаны бар.
Сондай-ақ акциз, жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері және басқа да салықтар бойынша есеп тапсыру мерзімдері белгіленген.
Салық төлеушілерге есепті соңғы күнге қалдырмай, электрондық сервистер арқылы алдын ала жіберу ұсынылады.
Мерзімді өткізіп алу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.