Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше жыл бойы мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу дерегіне сәйкес, операциялардың жалпы құны шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған, деп жазады Democrat.kz
ҰҚК мәліметінше, заңсыз экспорт схемасы 2019–2023 жылдары жұмыс істеген. Осы кезеңде бір компания арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі шығарылған.
Тергеу нұсқасы бойынша, схеманы ұйымдастыруға Маңғыстау облысындағы кәсіпкер қатысы бар деп есептеледі. Мұнай өнімдері шетелге пеш отыны ретінде рәсімделіп жөнелтілгені хабарланды.
Операция аясында заңсыз әрекеттерге қатысы бар нысандарға қатысты шаралар қабылданып, шағын мұнай өңдеу зауыты мен танкер тәркіленгені айтылды. Схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталуға тиіс, сондықтан кінә мәселесі сот шешімімен белгіленеді.