Қазақстанның өз Дженнифері бар

Қазақстанның өз Дженнифері бар

Әнші Маржан Арапбаеваны көпшілік танымал америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопеспен салыстырып жатыр, деп хабарлайдыDemocrat.kz  todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде жарияланған видеода Маржан ханым дене сымбатын көрсете отырып, кезекті іс-шараға ән айтуға бара жатқанын айтады.

«Тұрыс түзу, әдеміміз, әрине, ән айтамыз», – дейді өнер иесі.

Бейнежазба астына пікір жазғандар оның сымбатына, өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.

«Қазақстанның өз Дженнифері бар», «Бұл кісі де 50-ге таяп қалса да, керемет көрінеді», «Джей Ло қайда, біздің Маржан қайда – дауысы мықты», «Нағыз қазақша Джей Ло!» – деп тамсанған оқырмандар.

Барлық жаңалықтар