Қазақта шежіреге ер азаматтардың аты жазылатыны белгілі. Алайда әлеуметтік желіде "енем менің де атымды жаздырмақ" деген келіннің жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
"Кеше енем звондап "- өзіңнің толық аты жөніңді, жылыңды, руынды и балалардыңда жазып жіберші шежіреге үлкендер келіндіде қосамыз деп шешіпті" деді. Қатты қуандым и таң қалдым.
Алдынғы жылы күйеуім мен балаларым бар шежіре кітапті көріп қуанып кеткенмін биыл өзімдіде қосайын деп жатыр деп қуандым. Қайын жұртымның парасатты адам екенін білетінмін бірақ шежіреге келінді қосатынға дейін деп ойламадым", деп жазды Айдана Жақсылықова есімді келіншек.
Айдананың бұл жазбасына таңырқап, "қазақта шежіреге әйелдің аты жазылмайды" деген пікір жазуда.
Ал кей желі қолданушылар "біздің отбасымызда да өзіміздің шежіреміз бар, сол кітапта келін мен қыздардың, күйеубалалардың аттары да кірген" дейді.