"Қазақтар Перизат Қайратқа рақмет айтуы керек" дейді қоғам белсендісі

"Қазақтар Перизат Қайратқа рақмет айтуы керек" дейді қоғам белсендісі
"Демос" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тұрарбек Құсайын қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан "Перизат ісіне" қатысты жазба жариялап, жұртқа сұрау салды деп жазады Democrat.kz.
 
"Білесіздер ме, Перизат Қайрат ол жәй ғана 200 миллион теңгені қалтасына басып қойған жоқ...
 
Ол – қазақ халқын палестиналық Газа тұрғындарын өздеріне бетперде-қалқан қылған террористік "Хамас" ұйымын қаржыландырудан құтқарды.
 
Егер ол ақшаны Газаға жөнелткенде, бәлкім сол қаржыға "Хамас" зымырандар мен автоматтар немесе жер асты қару-жарақ қоймасын салар ма еді..
 
Ал Перизат болса,Қазақстандағы мұсылман жамағатының Газаға деп берген қаржысын шопинг пен дүние-мүлікке жұмсады.
 
Бұл әлдеқайда бейбіт жол, яғни Prada мен Chanel немесе елімізде тұрғызылған пентхаус пен қымбат автокөліктерді өз пайдасына болса да сатып алу, ХАМАС-ты қаржыландырудан әлдеқайда қауіпсіз
емес пе?!
 
(түбінде құзырлы органдар дүние-мүлікті тәркілеп,қазынаға қайтарады ғой)
 
Айтпақшы «Асар-Үме» қоры да тамаша шешім қабылдапты, атап айтқанда жамағаттың 200 миллион теңгесін тура Перизаттың қолына ұстата салған ғой.
Сондықтан Перизатқа көзі ашық қазақтар рақмет айтуы керек, себебі ол діншіл қазақтардың ақшасын жеп қана қойған жоқ, ол сол қаржыны"Хамас" секілді лаңкестердің қалтасына түсуден сақтап қалды.
Солай емес пе ағайын?!" деп жазды Тұрарбек Құсайын.
Барлық жаңалықтар