Әлемнің әр жерінде тұтанған соғыс оты қазақстандықтарды да алаңдатып отырғаны мәлім. Сондай қазақтың бірі, ТикТок парақшасында "қазақ" деген атпен тіркелген азамат АҚШ пен Ресейдің ертеңіне көріпкелдік болжам жасап, жұрттың әрі ашуын тудырды, әрі күлкісін келтірді деп жазады Democrat.kz.
Шоқша сақалы желбіреп, ел алдына шыққан бұл "көріпкел" жігіттің сөзіне сенсек, Америка жақында үшке бөлініп кететін көрінеді.
"Дональд Трамп пен оның әулеті Американы тоқтаусыз билейді. Америкада табиғи апаттар болып, көп қалалары жермен жексен болады.
АҚШтың әскери базалары жойылады. Латын Америкасы жаулап алады. Доллар, ағылшын тілі бәрі жойылады.
Американы испан және орыс тілі билейді. Негізі Трамп Трамп емес, ол жүз жыл бұрын өлген Гитлер ғой. Гитлер қайтып тіріліп келді.
Американың жоспары Ресейді бөлшектеу ғой" деген "көріпкелдің" болжамы жұртқа ұнай қоймады.
"Америка ұлы,орта,кіші жүзге бөліне ме?", "ынау әулие қайдан шықты", "жириновскийдің қазақша версиясы", "Ванганың еркек түрі", "көктем басталды, бұлар да көбеюде" дескен жұрт "көріпкелді" күлкі етті.