Әлеуметтік желіде Астана мен Қарағандының арасын жалғап жатқан қара жолдың сорақы жағдайы туралы видео тарап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Желі қолданушы Астана мен Қарағандының арасындағы тас жолдың Осакаровка бөлігіндегі ойық, шұқыр тұстарын видеоға түсіріп жариялады.
"ҚазАвтоЖолға" осы видеоны жіберіп, сұрау салдым. Осакаровканың тұсындағы мына шұқырларға қараңызшы. Қарағандыдан шыққан бетте осы жолдың әр тұсы осындай шұқырларға толы. "ҚазАвтоЖол" мардымды жауабын бермеді. Біз не үшін ақша төлеп отырмыз? Әлде бұл мәселені де Президентке айтуымыз керек пе?", деген көлік жүргізуші дәлел ретінде арнайы видео жариялады.
Видеоға қатысты бұл жолдың шқырларынан әбден зиян шеккен жүргізушілер өз пікірлерін жазып, "миллиондаған ақшаға "жасадық" деп есеп беруде. Ал бұл жолдардан қаншама адам зардап шегуде", "көлігіміздің бұзылуы мен түрлі зияндар шектіріп отырған бұл жолдардың сапасына кім жауап береді" дегенге саятын наразы пікірлерін білдіруде.