Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген әнші Жанар Айжанова болашақ үшін ең қауіпті жағдай туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Қазіргі кезде бала тәрбиесі ең маңызды, ең назарда ұстауға тиіс басты мәселе болуы керек. Мысалы, кішкентай баланы бала бағушы жас қызға сеніп тапсыратындар бар.
Ол жас қыз баланы қалай бағуды қайдан білсін? Қолында телефон...ұлдың тәрбиесіндегі маңызды дүниені жас қыз біле ме? Жоқ.
Бір жасқа толған балаға планшет сыйлайтын болды қазір. Ең қауіпті нәрсе осы дер едім" деген Жанар Айжанова ел болам десек, ең алдымен баланың тәрбиесін мықтап ұстау керегін айтты.