Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысты электоралдық іс-шаралар кестесін жариялады, деп жазады Democrat.kz.
12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін дауыс беруге байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялар құрамы, сондай-ақ учаскелердің шекаралары туралы мәлімет жарияланады.
22 ақпанда дауыс беруге арналған тізімдер референдум комиссиясына ұсынылады.
27 ақпан мен 4 наурыз аралығында азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарланады.
12–14 наурыз күндері бюллетеньдер жеткізіледі.
14 наурыз — дауыс беру алдындағы тыныштық күні.
15 наурыз — референдумда дауыс беру күні. Дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Референдум қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасы дауыс беру өткен күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей жарияланады.
Жаңа Конституция жобасы республикалық референдумда қабылданатын болса, 2026 жылғы 15 наурыздан бастап ресми түрде күшіне енеді.
Бұл туралы Жаңа Конституция жобасының 94-бабында белгіленген. Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция қолданысқа енгізілген сәттен бастап бұған дейін қабылданған Конституцияның күші жойылады.