Қазіргі қоғам: "Тойым халал өтсін" дегені үшін баласы әкесінен таяқ жеген

Қазіргі қоғам: "Тойым халал өтсін" дегені үшін баласы әкесінен таяқ жеген

Танымал журналист Ербол Мәндібек дәл қазіргі қоғамның өзекті мәселесі туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Бүгін таксиге жас жігіт отырды. Көзі көгеріп кеткен. Көңілсіз.

-Інішек не болды? Біреумен төбелестің бе?

Ешкіммен төбелескем жоқ. Әкем шапалақпен ұрып жіберді. Содан көгеріп кетті.

-Бірдеңе бүлдірдің бе? Неге ұрды?

Ол ұзақ әңгіме. Менің әкем қатал адам. Оған ұнамайтын бірдеңе айтсаң таяқ жейсің. Жуырда үйленгелі жатырмын. Әкеме, "тойды халал өткізейік, арақ-шарап қойылмасын"-деп едім содан таяқ жедім.

"Тойды жасайтын сен емес мен. Отау құрмай жатып ақыл айтып оттап отырсың. Басты қатырмай басқа мәселемен айналыс. Тойды қалай өткізу ол менің міндетім"-деп ұрысты дейді.

-Әкең неге қатал адам?

Білмеймін. Біздің үйде сол кісінің айтқаны заң. Орындамасаң таяқ жейсің. Екі ұл, екі қызбыз.

Мамамның өзі әкемнің рұқсатынсыз артық ештеңе істемейді. Үйленіп, өзімше бостандық алайын деп едім. Бірақ бәрібір әкемнен қорқып отыратын сияқтымын. Кейде жек көремін, кейде жақсы көремін, түсініксіз чувства.

-Еее, әкең саған жаман болсын демейді ғой.

Әкем де, шешем де зарплатаға өмір сүрген адамдар. Менің мақсатым бизнесмен болу. Жуырда жұмыстан шықтым. Өз өзіме жұмыс істегім келеді. Әкем осыған ашуланды.

-Бәрі жақсы болсын. Тойың халал өтсін.

"Қайдам, менің әкем той-томалақта ішкенді ұнатады. Бала кезімізде ішіп келіп бізден руымызды, жеті атамызды сұрайтын. Тойдың үстінде қызып алып сол әдетін қайталамаса болды"- деп күлді.

Ойбай мынау ойдан шығарды дерсің. Сенбесең өзің біл. Бірақ бұл бүгін кездескен ерекше клиент еді. Гипербақылауда өскен балалар бәрібір басқаша болады. Ал, оның әкесі өмірді өзі сияқты әділетті өткізгісі келеді. Бірақ бүгінгі реалиді түсінбейді..." деп жазды Ербол Мәндібек.

 

 

Барлық жаңалықтар