«Қазпошта» қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

«Қазпошта» қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандықтар «Қазпошта» атынан келген жалған SMS-хабарламалар ала бастаған . Онда сәлемдеменің мекенжайы дұрыс көрсетілмегені себепті заттың жеткізілмейтіні айтылып, пайдаланушыға белгісіз сайтқа өту ұсынылады. Осыған байланысты «Қазпошта» ескерту жасады.   «Қазпошта» АҚ бұл хабарламалардың алаяқтардан келгенін ресми түрде ескертті. Компания өкілдерінің айтуынша, мекенжайды нақтылау үшін ешқашан сыртқы сілтемелер арқылы ақпарат талап етілмейді.   «Азаматтардан мұндай хабарламаларға сенбеулерін және сілтемелерге өтпеулерін сұраймыз. Егер қандай да бір күмән туындаса, біздің ресми байланыс орталығымызға хабарласыңыздар», – делінген компания хабарламасында.
Барлық жаңалықтар