ҚМБД: "Желіде имамдар мен дінге тіл тигізгендер жазаланады"

ҚМБД: "Желіде имамдар мен дінге тіл тигізгендер жазаланады"
ҚМДБ әлеуметтік желіде исламға, Құранға, Қағбаға, Мұхаммед пайғамбарға және имамдарға қатысты сынның күрт күшеюі аясында ресми мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz.-ке сілтеме жасап. 

Діни басқарма мұндай жазбалардың қоғам арасына бүлік салып, алауыздық тудыратынын атап өтті.

ҚМДБ желіде имамдарға қарсы жиі айтылатын “заңсыз неке қияды” және “балаларды сабақ уақытында жинап, мешітке апарады” деген айыптауларға ерекше тоқталды.

Басқарма мешіт қызметкерлері балаларды сабақ уақытында жинап, мешітке апарып, шаралар өткізбейтінін атап өтті. ҚМДБ мәліметінше, дін қызметкерлері балалардың толыққанды зайырлы білім алуын барынша насихаттап келеді.

ҚМДБ елімізде осындай арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер мен діни алауыздыққа әкелуі мүмкін ақпараттарды таратқандар үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын, қажет болған жағдайда діни басқарма құзырлы органдарға шағым түсіретінін атап өтті.
Барлық жаңалықтар