ҚМБД кәсіпкерлерге үндеу жасады

ҚМБД кәсіпкерлерге үндеу жасады
Әлеуметтік желілерде бір азаматтың сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде дәрет алып, аяғын жуып жатқан бейнежазбаға қатысты ҚМБД мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, тұрғындар арасында түрлі пікірлер қалыптастыруда.
 
Осы оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы келесіні мәлімдейді:
 
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы сенушілерді қоршаған ортамызды құрметтеуге, діни рәсімдерді орындау кезінде ерекше ұқыптылық танытуға және тазалықты сақтауға шақырады.
 
Дәрет алу арнайы бөлінген жерлерде, оның ішінде намазханалардың жанында ғана орындалуы тиіс.
 
Мұндай тәсіл айналадағы адамдарға деген құрметті көрсетеді және мұсылмандардың жоғары мәдениеттілігін сақтауға көмектеседі.
 
Сонымен қатар, бізге көптеген намазханалар бар жерлерде дәрет алуға арналған арнайы орындардың жоқтығы белгілі.
 
Осыған орай, халықтың басым бөлігін құрайтын мұсылман қауымының өтініштерін ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы сауда ойын-сауық орталықтарының басшыларына намазханалары бар ғимараттарда арнайы дәрет алу құрылғыларын орнатуды қарастыруға үндейді.
 
Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, халқымыздың өркендеуін нәсіп етсін. Әмин!"деп жазды ҚМДБ Баспасөз қызметі.
Барлық жаңалықтар