"ҚМЖ" жазған сағаты үшін мұғалімге ақы төленсін!" деді белсенді педагог

"ҚМЖ" жазған сағаты үшін мұғалімге ақы төленсін!" деді белсенді педагог
Танымал ұстаз, белсенді педагог Айман Сағидулла білім саласында мұғалімнің кезекті құжаты "ҚМЖ"-ға  қатысты тағы пікір білдіріп, "ҚМЖ" жазған сағаты үшін мұғалімге қосымша ақы төленсін деді деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Айман Сағидулла бұған дейін де "ҚМЖ"ның мұғалімге де, оқушыға да керегі жоқ құжат екенін айтып, жазба жариялаған еді.
 
Бұл жолы белсенді педагог "ҚМЖ" жазуға кеткен мұғалімнің уақтына да ақы төленсін деді. 
 
"ҚМЖ" жазғанымыз үшін ешкім жалақы төлемейді. "ҚМЖ" жазуға өте көп уақыт кетеді. Жалақы төленуге тиісті жұмыс.
 
Жалақы төлемеген жұмысты талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Заңды білетін әр адам түсінуге тиісті мәселе бұл.
 
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым!
Мұғалімнің 16 сағаты бар болса, оған қмж жазғаны үшін қосымша 16 сағатқа жалақы төленуі керек. Сонда мұғалімдер 16 сағатпен 32 сағатқа жалақы алуы қажет.
 
"ҚМЖ"  жазғаны үшін төленетін жалақы , сабақ өткені үшін төленетін жалақыдан кем болмауы керек.
Сол жағдайда ғана "ҚМЖ" жазуды талап ете аласыздар.
 
Егер ондай жалақы төлей алмайтын болсаңыздар қысқа мерзімді жоспарды 130-бұйрықтан алып тастау керек.
 
Жұлдыз ханым! Заңды жақсы білесіз. Мен сізді сол үшін сыйлаймын.
 
Осы кезге дейін мұғалімдерді қанап , тегін жұмсап келді. Бұл дұрыс емес.
Сізді бұл мәселені жақсы түсінеді деп сенемін!"деді Айман Сағидулла. 
Барлық жаңалықтар