Қоғам белендісі Еділ Жаңбыршиннің депутаттық өкілеттігін тоқтатуды сұрады

Қоғам белендісі Еділ Жаңбыршиннің депутаттық өкілеттігін тоқтатуды сұрады

Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановқа арнайы өтініш жасады деп жазады Democrat.kz.

"ҚҰРМЕТТІ ЕРЛАН ЖАҚАНҰЛЫ!

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің 2025 жылғы 17 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде айтқан:
«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, 
ол - Ислам» деген мәлімдемесі қоғамда дінаралық толеранттық пен келісім қағидаларына қайшы екенін және дінаралық араздықты қоздыратынын назарыңызға жеткіземін.

Аталмыш мәлімдеме Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдендірілген дінаралық плюрализм мен бейбітшілік қағидаларын бұзады.
Сонымен қатар, Еділ Жаңбыршиннің  Құрандағы 3:19 аятты өз ұстанымына дәлел қылуы - халифат құруды көздейтін,яғни ортағасырлық шариғат мемлекетін қайта жаңғыртуға бағытталған деструктивті діни топтардың риторикасымен ұқсас екенін баса айтқым келеді.
 
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес дінаралық араздықты қоздыру қылмыстық жаза,сондықтан мұндай мәлімдемелер үшін қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғау мақсатында кез келген адам жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Осы жағдайға байланысты ҚР заңнамасын басшылыққа ала отырып, Еділ Жаңбыршиннің депутаттық мандатынан айыру мәселесін қарастыруыңызды сұраймын. 
Бұл қадам еліміздегі дінаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық бірлікті сақтау үшін маңызды әрі қажетті шара болмақ" деген Тұрарбек Құсайынов осы мәселе бойынша ресми хат жолдады. 

Барлық жаңалықтар