Әлеуметтік желіде бір реттік неке ұсынған ақтөбелік жігітке қатысты келесі бір талап пайда болды деп жазады Democrat.kz.
"Бір реттік неке ұсынған күдікті қамалды. Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» орталық мешіті ішінде хиджапты қызға тиіскен ер адамның видеосы тараған соң облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Ер адамның кім екенін анықтап, ішкі істер органдарына жеткізілген.
Сот-психиатериялық сараптама тағайындалып, 5 күнге қамалды. Бұрын да осындай жағдай болғаны анықталды.
Бір қызығы, қыздың өзін кінәләп шыққан бір топ уағызшы жазадан тыс қалды. Олар да күдіктіні жақтап, бейкүнә қызды даттағаны үшін заң шеңберінде жауапкершілікке тартылуы керек" деп жазды журналист Ержан Төлек.
Журналистің бұл талап-жазбасына қатысты оқырмандары да "күдіктіні жақтағандар да жазаға тартылсын!" деген талаптарын білдіруде.