Тиктокер Жексенбі Ринат үйінде болған түсініксіз жағдай туралы жұрттан сұрап, таңданысын жасырмады деп жазады Democrat.kz.
"Қараңыздаршы, үйге қонақ шақырған едік, перделерімізге мынадай етіп инелер қадап кетіпті" деген Жексенбі Ринат мұның сырын оқырмандардан сұрады.
Видеода екі пердеге ине, ілмек, тағы басқа заттардың ілініп тұрғаны көрінеді.
Бұған қатысты оқырмандар "дуа-сиқыр жасап, ілген", "үйде қонақ күтудің керегі жоқ, кафеде күту керек", "ниеті жаман кісілердің ісі" дегенге саятын пікір жазуда.