Қазақстан Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы хабарлаудың ресми тәсілі ретінде SMS-хабарламаларды бекітуді ұсынды.
Тиісті жоба "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға жарияланды.
Құжатта өзгерістер әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін нақтылауға, сондай-ақ бұл рәсімге бірыңғай тәсілдерді енгізуге бағытталғаны көрсетілген.
Жоба әскерге шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігін мемлекеттік қызмет арқылы іске асыруды және әскери қызметке шақырылатын азаматтың телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламаны тиісті хабарлау түрі ретінде тануды көздейді, - делінген түсіндірмеде.
Жобаны талқылау 9 қыркүйекке дейін жалғасады.