Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан "қорлық көрдім" деген мұғалімнің жазбасы мен деректерін жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Тараз қаласындағы жарымжан балаларға арналған "Өркен" мектеп интернатының 38 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімі, Абишева Жанар Рыспайқызы өзінің ұжым басшылағынан қорлық көріп жүргенін жазып, бірқанша фото—видеолар жіберген.
Арыз-шағымды бәріне жаздым, ешкім ешқандай шара көрмеді дейді.
Жазбасы соңында, бұл проблеманы қоғамға жеткізуге көмектесіңізші, қажет болса ақшаңызды төлейін деп жазып жіберіпті.
Сіздер мына "Өркен" мектеп-интернатын тексеріңіздер!Маған жіберілген фото—видеода ашық тұрған розетка, жабылмаған тоқ жүйесі, қаптаған таракан, жұпыны меню, асханада құсып жатқан бала мен, мектеп ішінде карта ойнап отырған бір топ балалар видеолары, асханадан тамақ ұрлап жүрген-мыс қызметші фотосы бар.
"Қорлық көрдім" деген мұғалім "осы проблеманың бәрін ашық айтамын деп құдалауға түсіп, ауру болдым.
Ұжым басшылары коллективке, уборщица—техничкаларға дейін мені тексеру туралы арыз жаздырып —еңбек өтіліме, мемлекеттен алған марапатымды күмәнді, өзімді "жынды" қылды" дейді.
Мұндай құдалаудың сан түрін көрген адам ретінде, шын болса — тексеріс жүргізілуіне көмектесейін дедім.
Құзырлы органдар осы Абишева Жанар Рыспай қызы қатысуымен мектеп интернатқа тексеріс жүргізу керек.
Фактілер анықталса ұжым басшыларына шара қолдаңыздар!
Ал ақпарат жалған болса, мына арызданып отырған мұғалімді жауапқа тартыңыздар!
Қалай болғанда да, жарымжан балалар құқығы шектелмеуі де, тапталмауы да тиіс!" деп жазды Төртуыл Шоқан.
Жоғарыда аталған мәселеге қатысты фото, видеоларды мына сілтемеге өтіп, көре аласыздар.