Қорымның ішінен шыққан шайтан жұртты шошытты

Қорымның ішінен шыққан шайтан жұртты шошытты

Инстаграмда қорым ішінде жүрген шайтан туралы видео тарап жатыр деп хабарлады Democrat.kz. 

Видео egovpress.taraz инстаграм парақшасынада жарияланды. 

"Күндіз түсірілген видеода ер адам алдымен: «Байқадыңдар ма, шайтан тұр!» – деп дауыстайды. Сәлден соң дұға оқып, артынша: «Қазір осы шайтанды ұстаймыз» дейді.

Дәл осы сәтте моланың ішінен ешкіге ұқсайтын бір тіршілік иесі жүгіріп шығады. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті: бірі «жын шынымен көрінген» десе, енді бірі «бұл жай жануар» деп санайды. Ал кейбірі «біреудің әзіл үшін жасаған әрекеті болуы мүмкін» деген пікір айтады.

Дін өкілдері мұндайда қорыққан кезде «Аятул Курси», «Ихлас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқу – ең сенімді қорған дейді.

 Сіз қалай ойлайсыз: бұл шын тылсым құбылыс па, әлде жай ғана әзіл ме?"деп жазды парақша иесі. 

«Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті: бірі «жын шынымен көрінген» десе, енді бірі «бұл жай жануар» деп санайды. Ал кейбірі «біреудің әзіл үшін жасаған әрекеті болуы мүмкін» деген пікір айтады. Дін өкілдері мұндайда қорыққан кезде «Аятул Курси», «Ихлас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқу – ең сенімді қорған дейді. Сіз қалай ойлайсыз, бұл шын тылсым құбылыс па, әлде жай ғана әзіл ме?», - деп жазған аталмыш дерек көзі.

Барлық жаңалықтар