Құдалық дегенің де бір жатқан саясат бар ғой. Оған да кім көрінгенді апара бермейді, біле білсеңіз! Ол да кәдімгі тендерді ұтып алу сияқты процесс қой бір қарағанда. Туыстық жақындығы болуы шарт. Яғни, жөні, жолы деген бар ғой, әрине.
Сонымен қатар ол адамның презентабельный болғаны да қатты ескерілетін сияқты.Құда дегенде ұялмай көрсететіндей болуы керек қой енді. Мансабы бар, қызметі, шені болса, тіптен жақсы. Жақсы деген жай сөз!
Ол дегенің - абырой ғой, былайша айтқанда! Одан бөлек құдалыққа баратын адамның әрқайсысының өзінің белгілі бір миссиясы болады. Айтайын ба? Мәселенки, құдалыққа баратын адамның ішінде хотя бы біреуі бата бере алатын адам болуы керек.
Бата болғанда мыңқылдап, шіңкілдеп, бірді айтып, бірге кетіп, мұрнының астынан міңгірлеп, не айтып, не қойғанын өзінен басқа адам түсінбейтін бата ем-мес! Немесе, басын адам құсап бастап келе жатып, аяғын тостқа айналдырып, быт-шыт қып жіберетін сүйкімсіз бата да емес.
Кәдімгідей естіген құлақтың құрышын қандырып, қабыл болатынына иландырып, балалардың бақытты болатынына гарантия беретіндей бата ғой сол! Сосын құдалыққа барғандардың ішінде міндетті түрде қоржынды ашып көрсетіп, “Бізде мынадай бар, мынадай бар” деп саңқылдап, жоқты бардай, барды нардай ғып көрсете алатын бір адам болуы керек.
Ол ешо киіттерді кигізгенде де, оптом барахолкіден алынған киттің өзін шетелден, бренд дүкеннен алғандай ғып “өткізіп” жібере алатындай асқан самдағай, сөздің майын тамызатын шешен, адамның миын айналдыратын ширақ жан болуы шарт.
Одан кейін құдалардың арасындағы кейбір айтылмайтын әңгімелер мен апасный маменттерді майдан қыл суырғандай ғып жеткізіп, асқан дипломатиямен сара жолға салып кеп жіберетін бір-екі саясаткердің болғаны өте маңызды.
Ооо, сосын “Көтере алатын” екі-үшеудің болғаны да не мало важно![]()
![]()
Көтере алғанда мен ащы суды айтып тұрым, құрсын! Бір-екі стақаннан кейін маймыл боп,тілін шайнап қалатындар, шайналып қала беретін кассета немесе бір жерде тұрып қалатын ескі пластинка құсап, бір айтқанын он айтатын ағайлар керек емес, желателні!
Сосын фирменный билері бар, ортаны бермей билейтін бір-екі танцор диско ағай мен айналаны күміс күлкісімен көмкеріп сылқылдап жүретін бір-екі жеңгейдің немесе “көк жүгілиге” былқылдап билейтін “Гүл әпшелердің” болғаны жүдә жақсы.
Одан кейін, әрине, жарты келі алтын алқасы мен білезігінің өзі что-то, он саусағының жүзіктен босы жоқ бір -екі апаның болғаны да құдалардың беделін көтеріп, абыройын асқақтатып, салмағын арттыра түсері хақ.
Ендіііі арасында құдалардың арасына қоспаса болмайтын, бірақ пайдасы да, зияны да жоқ бір кісілер де болады енді. Онсыз болмайды ғой. Дегенмен “Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған” кісілер құдалалыққа аса жарамайды, айтып қояйын.
Айтпақшы, құдалыққа баратын адамның крутой джип мәшинесі болса нұр үстіне нұр! Құдалық дегеніңіз ән-күйсіз болмайды ғой енді. Араларыңызда ән айтатын адамдардың болғаны да керемет қой. Аңыратын әнін айтып, төкпелетін термесін төгіп жатса, қанеки!
Сосын тарихты, рулық шежірені бес саусағындай білетін бір адамды арнайы сайлап апарған да дұрыс екен негізі. Кім көрінгенді сүйрелей бермей,бір сәт абыройды да ойлап қоймаса болмайды. Общым сол. Еее, айтқандай, есіме бірдеңе түсіп кетті, айта салайыншы!
Менің екі енем болған деп айтып едім ғой. Үлкен енем (енемнің енесі), апамыз сұмдық адуынды кісі болатын. Сосын бетің бар, жүзің бар демейтін. Ойындағысын айтып сап, қарап отыратын кісі еді. Бір жолы біздің әулетке құда келеді.
Әдеттегідей осындағы бар туысқан есік пен төрдей жерге дастархан жайып, үстелді қайыстыра дәмге толтырып тастап, құда күтіп жатады. Құдалар сәл азғындау, денелері сып-сидам, шағындау адамдар екен. Алдарына қойған ақаңнан татып алмай, тамаққа да ұмсына қоймай, тартына жеп отырады. Оның үстіне бір-екеуі денсаулығы жоқтау адамдар көрінеді.
Бір жағы әкелген киіттеріне көңілі толмай, қыздарының барған жерін жақтырыңқырамай нервісі сыр беріп отырса керек апамыздың. жанаҚартайса да көңіл құсы қияндағыны шолатын кісі бәрін қарап, көкейіне түйіп, тоқып отырған ғой енді.
Құдалардың ішіндегі өзі құралпы шалға “Оу, құда, немене өңкей арық-тұрық, ауру-сырқау, көксауды жинап әкелгенсің бе?! Алдарыңа ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Неменеге ішпей отырсыңдар?! Мына біздің жалмауыздарды қарашы, әне, жұтып жатыр!” депті.
Шетінен ыздаровый, зіңгіттей болған ғой біздің аталарымыз бен қайынағалар. Алдарына келгенді құдалардан бұрын сылқ еткізіп, кеңірдегінен асырып, жұтқыншақтан бір-ақ ұрттап, жоқ қып жатса керек![]()
Соны меңзегені ғой. “Құда болсаң, шыда!” дегендей құда болғаның да оңай емес, негізі.
Жанар ОРАЗЫМБЕТ, журналист.