Кешегі күн де қазақстандық ұстаздарды кезекті "тосынсыйымен" таңғалдырып, онсыз да жұқарған жүйке талшықтарын тағы тартқылап өтті. Жаңа аттестация ережелері Ашық құқықтық құжаттар порталында талқылануға жүктелгені хабарланып, мұғалім біткен әлгі порталға қарай "тұра жөнелді" деп жазады Democrat.kz.
Ашық құқықтық құжаттар порталына ұстаздармен бірге біз де қалыспай, бірге "кеттік". Порталды әрі ақтарып, бері ақтарып, түкке түсінбедік.
Аттестацияның жаңа ережелері туралы жоба құжаттарын көреміз деген үмітіміз үнсіз сөнді.Себебі, аталмыш порталда жүктелген құжатта түк жоқ еді.
Бәлкім, біз дұрыс ақтармадық па, деп өзімізден күмәндана бастағанда, сол жердегі пікірлерге көз салып... "әдемі лақтырылғанымызды" түсіндік.
Біздің сол сәттегі көңіл күйімізді белсенді ұстаз Мейіржан Темірбек бір ауыз сөзбен керемет сипаттап беріпті.
"Қанайдың мына әні бар еді ғой, "Кетті, ләқты ол тыңдамай, неге,. Бидің үстіне би сұрайды, неге,. Ол қыз, ол қыз? " дегендей
Аттестацияны талқылауға "легелаққа" шығарғанмен
Құжат қайда? Ұстаздар нені талқылауы керек? Бұл сұрақтың жауабын бір білсе, көп білетін Оқу ағарту министрлігіндегі "ереже шығарудың, аттестацияны жаңартудың" хас шеберлері білетін шығар деп үміттенеміз.