Танымал актер, байер, қазіргі кезде кәсіппен айналысып жүрген Нұрғали Нұғман бүгінге дейін жанын ауыртқан, бүгінге дейін көтеруден шаршаған қайғы жүгі барын айтып, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Нұрғали Нұғманның айтуынша, "көкем" деп, арқа сүйеген продюсер ағасы кішкентай күнінде өзіне жыныстық зорлық жасаған.
"Көке деп сыйлап, арқа сүйеген ағам маған кішкентайымнан үнемі қамқор болып жүретін. Үлкен фильмдерде басты рөлдер алуыма жәрдем ететін.
Бір күні көкем кабинетіне шақырып, "көйлегіңді шешші" деді. Ештеңе түсінбей, айтқанын орындадым.
Бір кезде жаныма келген көкем денемді сипалап, диванға зорлай жатқызып, құлақтарымнан, мойнымнан жалап, ойындағысын істеді.
Тірлігін бітірген соң "ешкімге айтпа, арамыздағы сыр болсын"деп ескертті. Осылайша жылдар бойы..."деген Нұрғали Нұғман бұл сырды бұдан артық тасып жүргісі келмейтінін айтып, "осы қайғыны ұмыту үшін Қытайға кетіп қалдым" деді.