Құлыбаев БЖЗҚ-дағы ақшаға Domino’s Pizza акциясын сатып алды

Құлыбаев БЖЗҚ-дағы ақшаға Domino’s Pizza акциясын сатып алды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарынан алынған 157 миллион теңге америкалық Domino’s Pizza компаниясының акцияларын сатып алуға жұмсалғаны белгілі болды. Инвестицияны Тимур Құлыбаевқа тиесілі Halyk Finance жасаған. Алайда акциялар сатып алынғаннан кейін арзандап кетті, деп хабарлайды Democrat.kz.  сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпарат зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі жөніндегі есепте көрсетілген. Есеп БЖЗҚ сайтына орналастырылған.

Акцияларды сатып алу қазан айында жүргізілген. Келісімнен кейін компанияның қағаздары арзандай бастады. Сатып алынған кезден бері олардың бағасы 155,44 долларға дейін түсіп, 1,14%-ға арзандаған.

«Domino’s Pizza» — 1960 жылы АҚШ-та құрылған, әлемдегі ең ірі пицца желілерінің бірі. Бүгінде компания 90 елде 21 мыңнан астам нүктеде жұмыс істейді. Желінің дамуы франшиза беру, курьерлік жеткізу және өзімен алып кету жүйесі арқылы жүріп отыр.

2025 жылы компания табысы өскен. Соңғы бір жылдағы кірісі 4,84 миллиард доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артқан. Ал үшінші тоқсандағы таза табыс 139,3 миллион доллар болды. Бұл — былтырғы дәл осы кезеңдегі 146,9 миллион доллардан төмен көрсеткіш. Компания акциялары өткен жылы шамамен 7,5%-ға арзандаған. Қазір бір акцияның бағасы — 431,69 доллар.

Барлық жаңалықтар