Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі сторисінде соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, қатты қорыққанын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Бірде түнде, біз ұйқыға дайындалып жатқанда, есікті бірі қақты. Қызметшіміз есікті ашқанда, келген ағам Бауыржан екенін көрдік.
Қорқып кеттім. Түнгі қоңыраулар, үйге келу бәрі жай емес қой. Бәрі жақсы болса екен деп тіледім.
Шай үстінде ағам Анұр Асанбердіге сұхбат бергенін, ол сұхбатта Райым екеуіміз туралы айтыпты. "Соны ескертуге келдім, ертең шыққанда ренжіп қалмаңдар" деді.
Сол подкаст шығыпты. Көрмегендер болса, көріңіздер. Осылай құпия әрекетіміз жария болып кеткен соң, ағам Бауыржан маған гүл әкеліп, күйеубаласын ескерткісі келген екен" деп жазды Ерке Есмахан. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

