"Құранды мазақ еткен" Джузефина Меккеде басынан өткен қорқынышты баяндады

"Құранды мазақ еткен" Джузефина Меккеде басынан өткен қорқынышты баяндады

Кезінде Құран аяттарын рэп қылып орындап, мазақ еткен блогер Джузефина қазір Меккеде жүргенін, ол жақта қандай жағдайға тап болғанын айтты деп жазады Democrat.kz.

"Мединаға келе жатып, ұшақта әжетханаға кірген едім. Сол сәтте турбулент толқыны болып, ұшағымыз теңселіп, селкілдеп кетті. 

Сол кезде қатты қорықтым. Меккеге жетпей өліп кетсем, ниетім қабыл болмай қала ма деп қатты қорықтым. 

Әжетханадан шығып, салонға келсем, жұрт түк болмағандай отыр екен. Мен де "әлхамдуллилаһ"деп отыра салдым" деген блогер сынға қалды. 

"Неше түрлі боғауыз сөз айтып, Меккеге бара беруге бола бере ме?"десіп жатыр жұрт. 

Барлық жаңалықтар