"Қуып кетеді": Сәкен Майғазиевтің әйелі жұрттың сынына ұшырады

"Қуып кетеді": Сәкен Майғазиевтің әйелі жұрттың сынына ұшырады

Мейрамбек Бесбаевтың қызының тұсауын кескен Сәкеннің әйелі Динара Майғазиева жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.

Мейрамбектің қызы Айзияның тұсауын Динара Майғазиева кесті. Кесілетін тұсау гүлден өріліпті. Сол тұсауды Динара Айзияның алдыңғы жағынан кесті.

Әйтсе де жұрт "тұсауды алдыңғы жақтан емес, артқы жақтан кеседі", "тұсауды ішектен өріп жасайды", "Сәкеннің әйелі дұрыс жасамады", "шөппен кескені несі", "танымал адамдар осылай қуып кетеді" дегенге саятын пікірлер жазды. 

Динара Майғазиева осы пікірлерге қатысты "алдынан кеседі, Зейнеп Ахметованың күретамыр деген кітабында жазылған. Бала артқа жүрмейді, алдыға жүреді" деп жауап берді. 

 

Барлық жаңалықтар