"Қуып кетті деп, байлап тастар ма еді?"деген Қыдырәлі Болманов ағынан жарылды

"Қуып кетті деп, байлап тастар ма еді?"деген Қыдырәлі Болманов ағынан жарылды

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов қазақ әндерінің қазіргі жеткен жетістігі туралы өз пікірін ортағ салды деп жазады Democrat.kz.

"Сыр елі, жыр елінде Ахмет пен Арайлымның тойына бақыт-береке ,ынтымақ,ырыс-құт, үлкен әулет болып, Алладан ата-аналарының бақытына өсіп-өнетін отбасынан болуын тіледік.. 

Енді еске алып көрейікші.. 1990-шы жылдары қай ресторан болмасын, ауылда палаткадағы той болсын, парктегі дискотекалар, бәрі Ю.Антоновтың әндері, ,Машина времени, Макаревичтің әндері, поворот сияқты, “Ласковый май” ұрып тұратын. 

Жиын-тойлар да 95-пайыз Ресейлік әншілер, Италяндық,қалпынша шет елдік әндерді , тіпті шалғайда жатқан ауылда тұратын біздер де “вечерлерімізде” тілі басқа әндерді тыңдайтынбыз, “бөтен” әндердің ырғағына билейтінбіз. Неге қазақша әндер жоқ,-деп ойланбайтынбыз..
Солай болу керек сияқты.

Сол кезде , ертеңгі күндері қазақша әндерге сұраныс туғызамыз, ал домбыра, дәстүрлі күй, терме, жырларымызды шоу-бизнеске кіргізіп қоямыз, 
Әлемдік 86-Мемлект қатысқан үлкен конкурстан Құрманғазының “Адай” күйімен БАС ЖҮЛДЕНІ, “ГРАН-ПРИ”, домбырамызбен аламыз.”

Ұлттық домбыра күні,- Мемлекеттік мереке болады, 
Жезқазған облысы, ҰЛЫТАУ облысы болады. Тойларымыз 100-пайыз қазақша, қазақтың таланттарымен-ақ өтетін болады, қазақша хит әндерге от души билейтін боламыз десем,-бәрі жабылып, мынау есінен адасқан, не айтып тұр,-деп шошып, не істерлерін білмей қалар ма еді ?

Әлде қуып кетті деп, Біржан салға ұқсатып, байлап тастар ма еді ? Шындығы бар әзіл ғой, Ешкім сенбес пе еді.. Аллаға сансыз мадақтар болсын ! “Шоу-бизнестің” тілі, ана тілінде болмаса,-ақырындап идеологияң ақсап қалады..Алла сақтасын !"деп жазды әнші. 

Барлық жаңалықтар