Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Ұлытау тобын құттықтап, халықтан сүйінші сұрады деп жазады Democrat.kz.
"Ұлытау тобы - қазақ еліне, ұлт мәдениетіне, тенденция технологиясына 30 жылдай өмірін сарп етіп келе жатқан әлемде аналогы жоқ қазақтың күй өнерін насихаттау үшін шоу бизнес саласына дәстүрлі саналы дүниені сыналап кіргізе алған, әлем бойынша тұңғыш топ. 30 жыл бірге келеміз. 7 жыл бұрын "Домбыра" күні пайда болды.
3 жыл бұрын Ұлытау облысы бекітілді. Қазақтың шоу бизнесі қазақ тілінде дамығаны сонша, орыс отандастырымыз қазақша ән шырқап, кейбір қазақтардан жақсы қазақша сөйлеп кеткенін көріп отырмыз.
Ал біз бастағанда қазақша әндерді ешқандай радио алмайтын. "Не формат" деп. Орысша айтатын әншілер көп еді. Біреулер шоу бизнесті коммерция, күнкөріс ретінде көрсе, ал біреулер сол шоу бизнесті домбырасымен, күмбірлеген күйімен толықтырып, Құрманғазының "Адайын", Сүгір жыраудың термесін насихаттай отырып, шоу бизнесті қазақша құрумен айналысты. Марапат құтты болсын, Ұлытау тобы! Еңбектерің ерен!" деп жазды продюсер.