"Қылғындырма қыздарды орамалмен": Абзал Құспанды оқырманы сөзбен талап жатыр

"Қылғындырма қыздарды орамалмен": Абзал Құспанды оқырманы сөзбен талап жатыр

Белгілі заңгер Абзал Құспан соңғы уақытта қоғамда шуы басылмай тұрған мектеп оқушыларының хиджаб кию-кигізбеу мәселесіне қатысты желідегі парақшасында ақын Дариға Ғазезқызының өлеңін жариялап, сынға ұшырады деп жазады Democrat.kz.

Абзал Құспанов әлеуметтік желідегі парақшасында: 

Қылғындырма қыздарды орамалмен,
Күбір-күбір қисынсыз жорамалмен.
Көмейлерің бәрібір көрініп тұр,
Жылтыр сөзбен жан-жағын орағанмен.

Солғындатпа гүл жүзін балапанның,
Сезіп өссін жылуын алақанның.
Әкет әрі сығыр көз пиғылыңды,
Қылығыңды ,сау болса, жаратар кім!

Байлауыш сап басына, мойынына,
Әзірлегің келе ме "ойыныңа".
Қыз күнінен "кемпірше" киіндіріп,
Қай "жырыңның" сайлайсың қайымына?

Кішкентай қыз ол әлі, сындырмағын,
Ойнап өссін қуыршақ, сылдырмағын.
Тең құрбыдан ұялтып, кепеш байлап,
Көрініп тұр күні ертең кім қылмағың.

Қылғындырма қыздарды орамалмен,
Тұншықтыра алмайсың орағанмен.
Қазақ қызы сыймайды шеңберіңе,
Қайтармалап қаншама қамағанмен" - деген ақын Дарига Ғазезқызының өлеңін жариялады. 

Заңгердің оқырмандары мына өлеңге қадалып, экс-депутатты аяусыз сынап "қыздарымыз орамал тағуы керек" деп өз ұстанымдарын тықпалап жатыр. 

Барлық жаңалықтар