Қырғызстан Қазақстан еліне жер береді. Алайда Қырғыз депутаттары қазақстандық тарап әуел бастан ұтылатын міндеттемелерге қол қойып, қателік жібергенін айтуда деп жазады Democrat.kz.
2026 жылы Қырғызстан мен Қазақстан арасында бірқатар маңызды құжаттар күшіне енеді. Біріншіден, Бішкек пен Астана елшіліктер қажеттілігі үшін бір-біріне ғимараттар мен жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға береді.
Қырғызстанда Жогорку Кенеш ратификациялаған, Қазақстанмен дипломатиялық қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлікті өзара беру туралы келісім күшіне енеді.
Қаңтар соңында депутаттар құжатты бірден үш оқылымда қолдады. Келісімге сәйкес, Астанадағы қырғыз елшілігінің ескі ғимараты бұзылады: Қырғызстан біздің елордамызда дипломатиялық миссияның жаңа ғимаратын салады.
Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының Қазақстандағы елшілігі Астана қаласы, Қыз-Жібек көшесі, 28/3 мекенжайындағы жаңа ғимаратта (коттедж) жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның Бішкектегі елшілігі Шыңғыс Айтматов даңғылы, 95А мекенжайында орналасқан.
Елшіліктер қажеттілігі үшін ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз беру туралы алғашқы келісім 2005 жылғы 10 тамызда Бішкекте жасалған. Қырғыз тарапы оны 2007 жылы, қазақстандық тарап тек 2011 жылы ратификациялаған. 2025 жылғы 22 тамызда қол қойылған жаңа келісім 2005 жылғы шартты жаңартады.
Осылайша, ескі келісімге сәйкес қырғыз тарапы Қазақстанға 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға жалпы ауданы 531,66 шаршы метр №17 коттеджді және Бішкек қаласындағы «Ала-Арча» тұрғын қалашығынан 0,17 га жер учаскесін (құрылыс үшін) берген. Жаңа құжатта сол жерде салынған Қазақстан елшілігі көрсетілген, ал бұрын көрсетілген ғимарат қазір ҚР елшісінің резиденциясы ретінде пайдаланылады.
Есесіне Қазақстан Қырғызстанға едәуір үлкен көлемдегі активтер береді. 24.kg агенттігінің дерегі бойынша, қырғыз тарабына мына нысандар беріледі:
— Астанадағы 0,7412 гектар жер учаскесі, онда Қырғыз Республикасының жаңа елшілік ғимараты салынады;
— Астанадағы жалпы ауданы 1267,8 шаршы метр ғимарат және жалпы ауданы 0,125 гектар жер учаскесі.
Қазір онда елшілік уақытша жұмыс істеп тұр, жаңа нысан салынғаннан кейін ғимарат елші резиденциясы ретінде пайдаланылады.