Қырғыз мұсылмандар мешіт жанында "маңызды мәселе" шешуге кірісті

Қырғыз мұсылмандар мешіт жанында "маңызды мәселе" шешуге кірісті

Бішкектегі мешіттердің жанында көп әйел алғаны үшін жазаны жеңілдету үшін қол жиналуда. Қырғыздың мұсылмандары көп әйел алуға қатысты қатаң заңды қолдамайтындарын, жазаны жеңілдету керек деп санап, осындай қадамға барған деп жазады Democrat.kz.

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушысы meikinerkin85 сайттан бейне жариялаған. Ол Қырғыз еліндегі мұсылмандарды мешітке келіп, осы бастаманы қолдауға шақырды.

"Мұнда тұрған ештеңе жоқ қой. Қалаған еркек бірнеше әйелге үйленгенде тұрған не бар? Мұсылмандардың осы проблемасын шешу үшін осындай мүмкіндікті пайдаланбақпыз", деген Қырғыз азаматы мұсылман еркек бірнеше әйел алуы керегін алға тартады. 

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан Қылмыстық кодекстің 176-бабына сәйкес, қос әйелдік немесе көп әйел алу, яғни ер адамның ортақ шаруашылық жүргізетін екі немесе бірнеше әйелмен бірге тұруы 100-ден 300 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстармен немесе бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарымен жазаланады немесе 500-ден 1000 есептік көрсеткішке (50-100 мың сом)айыппұл салынады.

Барлық жаңалықтар