Қырғызстанда кремациялау заңмен тиым салынды

Қырғызстанда кремациялау заңмен тиым салынды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде мәйіттерді кремациялауға тыйым салатын заңға қол қойды деп жазады Democrat.kz.

 Жаңа заңға сәйкес, қайтыс болғандардың, өлі туған нәрестелердің, сондай-ақ иесіз және жеке басы анықталмаған денелерді өртеуге тыйым салынып, олар тек дәстүрлі түрде жерге беріледі.

Сондай-ақ заңнамадан кремацияға, колумбарийлерге, күл салынатын урналарға және еске алу қабырғаларына қатысты барлық ұғымдар толығымен алынып тасталды. Дегенмен крематорийлер толық жабылмайды олар енді тек медициналық-биологиялық қалдықтарды, яғни адам ағзалары мен тіндерін термиялық жолмен жою үшін ғана пайдаланылады.

Жаңа талаптар заң ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

Барлық жаңалықтар