Осы қыста балалар ЖРВИ, боран және қатты аязға байланысты "қашықтықтан" жиі оқыды. Көптеген ата-аналар осыған байланысты мектеп оқушылары бағдарламаны қуып жету үшін оқуын жазға ұзартады деп алаңдауда. Осы мәселеге байланысты Оқу ағарту министрлігі жауап берді деп жазады Democrat.kz.
Министрлік оқу жылының ұзартылмайтынын, соңғы қоңырау өз уақытында 25 мамырда қағылатынын мәлімдеді.
Тоқсан кестесінде ешқандай өзгерістер жоспарланбайды.
Ал жетіспейтін тақырыптар қалай меңгерілмек?
Балалар білімдегі олқылықтардың орнын толтыруы үшін жазда олар үшін арнайы іс шаралар ұйымдастырылады.
Жазғы мектептер: негізгі пәндерді (математика, тілдер және жаратылыстану ғылымдары) қайталанып, білімдері бектіледі. Мұғалімдер әр балаға жеке-жеке көңіл бөлінеді деп күтілуде.
Бейіндік лагерьлер: бұл оқу мен демалыстың пайдалы қоспасы. Онда "екеуін" біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар қызықты пәндерді терең зерттеп, логика мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріледі.
Оқу ағарту министрлігі таратқан бұл ақпарат жұрттың көңілінен шыға қоймады.
"Бала онлайн болса да, сол сәтте тиісті білімді алды ғой. Жазғы мектеп неге керек?", "қай мұғалім жазда бала оқытуға құлшынып отыр екен?", "қисынға сыймайтын нәрсе бұл" дегенге саятын пікірлер жазылуда.