Алматы әуежайында Қазақстаннан балаларды әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Tengrinews.kz-ке -ке сілтеме жасап.
Не болды?
11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп ұсталды. Олар Қазақстанда суррогат аналар дүниеге әкелген нәрестелерді шетелге алып кетпек болған. Балаларға қатысты құжаттары болғанымен, дереккөздің айтуынша, оларды елден шығаруға рұқсат берілмеген.
Алматы полициясының жауабы
Редакцияның ресми сұрауына жауап берген Алматы Полиция департаменті шетелдік азаматтардың ұсталғанын растады.
"Аталған факт бойынша Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі — "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.