Қытайда тағы бір қатаң заң қабылданды

Қытайда тағы бір қатаң заң қабылданды

Қытайда инфлюенсерлер мен контент жасаушыларға жаңа талаптар енгізілді деп жазады Democrat.kz.

Енді медицина, құқық, қаржы, білім немесе денсаулық тақырыптарын талқылайтын блогерлер өз біліктілігін немесе тиісті мамандық бойынша білімін растауға міндетті.

Douyin және Weibo платформалары бұл мәліметтерді тексереді. Ережені бұзғандарға 100 000 юаньға дейін (шамамен 13 000 еуро) айыппұл салынып, аккаунттары бұғатталуы мүмкін.

Билік бұл шараны жалған ақпаратпен күресу және контент сапасын арттыру қажеттілігімен түсіндіреді. Алайда жаңа талаптар қоғамда пікірталас тудырды — біреулер оны қорғау шарасы деп қабылдаса, енді біреулер сөз бостандығын шектеу ретінде көреді.

 

Барлық жаңалықтар