"Қыздың артынан жүк апаруды қою керек": Дұрыс па, бұрыс па?

"Қыздың артынан жүк апаруды қою керек": Дұрыс па, бұрыс па?

ТикТок әлеуметтік желісінде тұрмысқа шыққан қыздың артынан жасауын апару дұрыс па, бұрыс па деген сұрақ бойынша қызу пікірталас жүруде деп жазады Democrat.kz.

"Қызым тұрмысқа шықса, артынан ыдыс-аяқтан бастап, көрпе-төсек, үй жихаздарын апармаймын. Осы үшін қызыма үйленбеймін деген жігіт болса, кете берсін! Қызды дүниеге әкелем, бағып-қағам, оқытып, дипломын әперемін. Бұл аздай дайын қыздың ине-жібіне дейін мен апарып беруім керек пе? 

Ал сосын неге ол күйеуге шыққанда бүкіл жасауын апарып беруім керек? Келін етіп түсірген жері қызымды ұрпағын өрбітіп, көбейтуші деп қараса, ұлының жұбы табылып, бақытты өмір сүрсін десе, неге келген келінге ас ішетін бір табақ, жататын бір көрпе-жастық бере алмай ма?

Менің қызымды өз әулетінің бір мүшесі деп қабылдаса, тұрмысқа шыққан жері бүкіл қажеттісін алып беруге міндетті" деген видеоның асты түрлі пікірлерге толды. 

"Берсең - өз қызың үшін бересің. Бергеніңді қызың пайдаланады. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан салты" дейтіндер мен "өте дұрыс! Қыздың артынан жасау апару дегенді қою керек. Бос шығын. Мақтан үшін жасалатын нәрсе. Сол жасаудың заттарын пәтерден пәтерге көшіп жүрген жастар дұрыстап қолдана да алмайды. Қалыңмал да бермесін, жасау да бермейік. Бос шығынның орнына екі жасқа баспана әперуді қарастыру керек" деушілер көптеп пікір жазуда. 

Фото интернеттен. 

 

Барлық жаңалықтар