Қызылшаға қарсы екпе алмаған бала мектеп, балабақшаға жіберілмейді

Қызылшаға қарсы екпе алмаған бала мектеп, балабақшаға жіберілмейді

Қазақстанда мектеп немесе балабақшада қызылша жағдайы тіркелсе, вакцина алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова кеше арнайы қаулы берді деген ақпар тараған еді деп жазады Democrat.kz. 

Бас санитардың қаулысында: Балабақша топтарындағы вакцинадан өткен балалар үлесі кемінде 90% болуға тиіс. Сондай-ақ, қызылша белгілері бар балалар мен қызметкерлер сабаққа жіберілмейді делінген.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 77,6% жағдайда науқастар вакцина алмаған балалар болып шықты. Оның ішінде вакцина алудан бас тартқандар – 1448, медициналық қарсы көрсетілімдері барлар – 325, жас шамасына байланысты вакцина алмағандар – 778.

Осы ақпаратқа қатысты әлеуметтік желіде қызу талқы басталды. Пікір жазушылар денсаулық саласы өкілдеріне ең алдымен сапалы вакцина егуді ескертіп жатыр. 

Сонымен қатар баласында бұл екпе салынбағандар "вакцинаны салдырсақ, баламыздың денсаулығына дәрігер кепіл бола ма?" Деген сауалдарын да қоюда. 

Барлық жаңалықтар