Кезекті тікелей эфирде Нұрлан имам "тоқал туралы" тақырыпқа қатысты қатты ашуланды деп жазады Democrat.kz.
Нұрлан имам "тоқал алу" туралы мәселеге қатысты таяуда ғана "көп әйел алуды емес, алған бір әйеліңді қарық қылып алуды ойлау керек"деп жауап беріп, басы дауға қалды.
Тікелей эфирде "тоқал алғыштардың" бірі "Алла рұқсат еткен нәрсеге сен "запрет" бере алмайсың!"деп "шабуылдаған" дүмшеге:
"Мен "запрет" жасамадым. Мен "қызыңды маған тоқалдыққа бер" дедім. Әпкеңді екінші қатын етіп бер. Сосын өзің аласың тоқалды.
Өзі бір қатынды жетістіре алмай жүрген сорлы, бейшара!Қыздарыңды ұрып, әйеліңді жылатып, әкесін тепкілеп өлтірген сорлы!
Қатыннан басқа, екі сүйегіңнің арасына ие бола алмаған сорлы! Аңдығаның қатын!
Әкесін тепкілеп өлтіргенді Өзбекстан, Дубайда хабар етіп таратып, масқарамыз шығып отырмыз. Ал сенің аңдығаның қатын! Не абыройың қалды?" Деген Нұрлан имам қатты ашуланды.