Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртас пен қызы Алаудың бір видеосы жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads желісінде тараған видеода Қайрат Нұртас қызы Алаумен кездескен сәтте оны құшақтап, беттерінен сүйіп, ең соңында қызы Алаудың ернінен сүйетін жері бар.
Видеоның осы тұсын сынға алған жұрт желіде Қайрат пен қызының әрекеттерін жерден алып, жерге салуда.
"Әкесі мен қызының ерінмен сүйісуі масқара", "өте ерсі", "әке өз қызының ернінен сүю харам", "ұят емес пе, бұл не сұмдық!"дейтін пікір жазуда жұрт.
Ал кей кісілер мұнда тұрған ештеңе жоғын, әкесі өз қызының қай жерінен сүйсе де өзі білетінін айтуда.