Рахат Тұрлыхановтың басына қара бұлт үйірілді

Рахат Тұрлыхановтың басына қара бұлт үйірілді

Бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов әкімшілік соттың шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Әкімшілік сот оның іс материалдарын қылмыстық құрамы бар-жоғын тексертуге жіберген болатын деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, биылғы наурыз айының ортасында отбасылық жанжалдан кейін Рахат Әлиевті полиция ұстап әкеткен болатын.

Экс әншінің әйелі бастапқыда күйеуі өзіне қол жұмсағанын айтып, шағымданған. Кейінірек шағымын кері алмаққа, күйеуін ақтауға тырысқан.

Алайда іс сотқа өтіп, сот аталған істің құрамында қылмыстық белгілер бар жоғын анықтауға қаулы шығарған еді. Ал Рахат Тұрлыханов болса, өз кезегінде сот қаулысымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Осы мәселеге қатысты Алматы қаласы, Медеу аудандық прокуратурасы  "Сот қаулысына шағым жасалды, бірақ апелляциялық саты оны өзгеріссіз қалдырды. Материалдар Медеу ауданының полиция басқармасына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жіберілді. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілу сатысында", - деп жауап берді. 

Барлық жаңалықтар