ТикТок әлеуметтік желісінде дәрігер, профессор, мотиватор рак ауруына қатысты ел білмейтін шындықтарды жайып салды деп жазады Democrat.kz.
"Әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан қаншама кісі маған рак ауруына байланысты күн сайын хабарласады.
Дәрігерлердің рак ауруына ұшыраған науқасқа қандай қастандық жасап жатқанын көбісі біле бермейді. Дәрігерлер онсыз да ауыр дертке шалдыққан науқасқа адам түсінбейтін, адам ағзасын бүлдіретін дәрілер береді.
Ол дәрілерден науқас сауықпай, керісінше, өліммен бетпе бет келуде.
Халықаралық емдеу протоколы барын мен де білемін. Алайда жәрдем сұраған науқасқа дәрігерлер улы дәрілерді құюға кеңес беріп, жазылуына емес, әрмен қарай ауруына сеп болудасыз.
Осындай масқара жағдаймен жерлестерім Қазақстаннан көптеп хабарласады. Онкологиялық науқасты құтқаруға, ең болмаса, өмір уақытын аз да болса, ұзартуға болатынын мен де білемін.
Өкінішке қарай, дәрігерлер химиялық улы дәрілерді аямай құйып, науқасты "жазылмайсың" деп үйіне шығарады"деген дәрігер онкологиялық аурудың барлығы ажал үкімі емесін, науқастарды құтқаруға болатынын айтты.
