Рамазан Стамғазиев мемлекеттік тілге қатысты ұстанымын айтты

Рамазан Стамғазиев мемлекеттік тілге қатысты ұстанымын айтты

Танымал әнші Рамазан Стамғазиев қоғамда болып жатқан келелі мәселелерге қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

QazaqAiran арнасына берген сұхбатында Рамазан Стамғазиев: "Қазір қазақ тіліне, екінші тармаққа байланысты қаншама қырғын болып жатыр. Мысалы мен де қарсымын. Алып тастау керек еді.

"Қатар" деген сөз тіркесін қойып қойды. Ештеңе өзгеріп жатқан жоқ. Қазақ тілінің есіктен сығырайып, кіре алмай тұрғанына ғасырдан асып кетті.

Өзінің орнын ала алмағаны рас. Осындай мәселелерді мен айтамын. Қазақ тілін қорғаймын деп түрмеде отырғандар жайлы елдің бәрі біледі ғой. Соларға жаным ашиды. "Тең" мен "қатар" сөздері синоним емес пе, екеуі бір мағына береді", деді.

Барлық жаңалықтар