Референдумның нәтижесі жарияланды

Референдумның нәтижесі жарияланды

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала нәтижесін жария етті, деп хабарлайды Democrat.kz. 


Ресми мәлімет бойынша, қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады. Алдын ала нәтиже:«Иә, қабылдаймын» деп қолдағандар саны - 87,15 %. 


Айта кетейік, жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумда дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 73,24 %-ы – 9 млн 126 мың 850 адам өз таңдауын жасады. Олардың ішінде 7 954 667 адам жаңа Конституция жобасын қолдады. Ал 898 099 адам «Жоқ, қабылдамаймын» деп дауыс берген. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 146 558 дана.

 

Барлық жаңалықтар