Көптен көрінбей кеткен режиссер басынан өткерген жағдайды бөлісті, деп жазады Democrat.kz.
Өткенге өкініш білдірген ол «Діни тұрғыдан айтқанда, күналарымызды жасырып, айтпауымыз керек. Бірақ бірден айтайын, кіріп кетіп, содан зорға шықтым деген әңгіме жоқ. Дәмін көрдім. Ол бәріне ұнайды.
Жаман нәрсе бірден ұнайды, шайтан бірден баурайды. Ол міндетті түрде бір-екі рет қайталанады. Бірақ соңы жаман болады екен. Біріншіден, абыройың өте қатты түседі.
Сүрініп құлайтыныңды күтіп жүрген адамдар бірінші біледі. Тіпті, солардың алдына өзің барып қаласың ғой. Білініп қаласың», – деді сырын ақтарып. (Мақаланы ұрлап, көшіріп, сілтемесіз басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)