"Рэкетир" фильмінің актерлері Әсел Сағатова мен Саят Исембаев TikTok желісінде қызықты видеолар жариялау үшін қайта кездесіп, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді.
19 жылдан кейінгі кездесу
Әсел Сағатованың парақшасында жарияланған видеолардың бірінде Саят Исембаев экрандағы әріптесіне әзілдеп былай дейді:"Әсел, бұл сен бе? Мен сені 19 жылдан бері көрмедім. Ұлды болғанымызды білесің бе? Қазір ол өсті. Осы маңайда бір жерде қыдырып жүр, оның аты Сануржан", - дейді Исембаев видеода.
Видео Қазнетті шарлап кетті
Олардың әзілін желі қолданушылары жылы қабылдады. Осындай видеолар Саят Исембаевтың парақшасында да жарияланды.«Әдемі!!!», «Әсел сондай сұлу, сондай сүйкімді», «Жақсы әртістер, рахмет», «Екі үздік актер кездесті», - деп жазды желі қолданушылары.