Ренат Азамат: "Абай мен Ақылбай бір әйелге таласқан! Абай - маған авторитет емес!"

Ренат Азамат: "Абай мен Ақылбай бір әйелге таласқан! Абай - маған авторитет емес!"

Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері қоғам белсендісі Ренат Азаматтың ұлы ақын Абайға қатысты жазбасы қызу талқыланып жатыр деп жазады Democrat.kz.

"Абай мен Ақылбай екеуі бір әйелге таласқан! Ақылбай Абайдың туған баласы. Абайдың інісі Оспан қайтыс болған соң , оның дүниелері , қатындары бөліске түседі.

Абай мен Ақылбай Оспанның бір әйеліне таласып қалады! Абай жеңеді! Оспанның әйелі Ақылбайға кіші шеше болмай ма?! Намыс қайда? Ұят қайда? Мораль қайда?

Бұларды да тәрбиелеген сол Құнанбай емес пе? Абайыңда , Құнанбайыңда мен үшін авторитет емес!" деп жазды Ренат Азамат.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасына қатысты жүздеген кісі түрлі пікір жазып, тіпті кейбірі өзара талас-тартысқа да кіріп кетті. 

Жазбаға қатысты ең басты сауал да "бұған тарихшыларымыз не дер екен?" болды. Әзірге тарихшылар тарапынан ресми бір жауап берілмеді. 

 

Барлық жаңалықтар