Ресейде тағы бір танымал генерал, бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгудың бірінші орынбасары Руслан Цаликов тұтқындалды деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Цаликовқа бюджет қаржысын жымқыру мен пара алуға байланысты барлығы 14 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылыпты. Генерал соғысқа арналған ақшаны талан-таражға салды деген күдік бар.
Тұтқындаудың басты себебі Қорғанминнің тағы бір орынбасары Тимур Ивановқа қатысты қылмыстық іспен байланыстырылып отыр. Бір жыл бұрын Цаликов дәл сол Ивановқа қарсы куәлік еткен болатын.
Ивановтың өзі 1,185 миллиард рубль пара алды және 4 миллиард рубльден астам қаржыны банк арқылы жымқырды деген айыппен қамауда отыр.
Руслан Цаликов 1994 жылдан бастап 2012 жылға дейін Сергей Шойгудың жанында Төтенминде қызмет еткен. Кейін Қорғанмин-ге ауысып, қаржы бақылау, сот-құқық және ақпараттық саясат бойынша жауапты болды. Шойгу қызметтен кеткен соң, Цаликов та лауазымынан босатылды.
Mash Telegram-каналының хабарлауынша, генералдың туыстары жаңалықты БАҚ-тан естіп, шок болған. Олар күні бойы Цаликовпен және оның әйелімен байланысқа шыға алмаған.
Контекст
2024 жылдан бері Ресей қорғаныс министрлігінде ауқымды тазарту науқаны басталған еді. БАҚ мұны «генералқырылған» деп атап кеткен. Қазіргі қорғаныс министрі Андрей Белоусов тағайындалғаннан кейін басталған науқан барысында 10-ға жуық генерал қамауға алынды. Олардың ішінде экс-министр Шойгудың төрт бірдей орынбасары бар.
Ресейдің әскери элитада топалаң: Шойгудың басына қара бұлт үйірілді
Фото интернеттен.
-
Жеті метр биіктіктен құлаған бала: оқиғадан кейін ғана көпір жөндеу жеделдеген18:00, 19 тамыз 2026
57
-
Қазақстанда бакалаврды 2,5 жылда бітіруге мүмкіндік берілуі мүмкін17:30, 19 тамыз 2026
61
-
Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрі 2027 жылы қолданысқа шығуы мүмкін17:00, 19 тамыз 2026
73
-
Дубайға ұшатын жолаушыларға маңызды ақпарат: екі қазақстандық әуе компаниясы рейстерін тоқтатты16:30, 19 тамыз 2026
68
-
Қазақмыс қауіпсіздікке басымдық бере отырып, жерасты техникасын жаңартуда16:27, 19 тамыз 2026
36
-
Қазақстанда ит пен мысыққа чип салу міндетті болады16:00, 19 тамыз 2026
71
-
«Жатыр түтігін қателесіп алып тастады ма?»: Атбасардағы жүкті әйелдің оқиғасы тексеріліп жатыр15:30, 19 тамыз 2026
110
-
"Шаралар қабылдансын": Премьер-министр Оқу ағарту министрлігіне тапсырма берді15:00, 19 тамыз 2026
49
-
Олимпиададан алтын алған оқушыға 6,5 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі14:30, 19 тамыз 2026
95
-
"Байғұс оқушылар мен мұғалімдер-ай...": Білім саласындағы кезекті жаңалықтар жұртқа бас шайқатты14:00, 19 тамыз 2026
348
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11352
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7364
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7166
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
6778
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6043
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
5867
-
"Некесіз туған ұлы": Мейрамбек Беспаев туралы сұмдық суреттер тарады
16:00, 04 маусым 2026
5559
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5318